ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін Қызылорда қаласында «Қасқа жолды Қасым хан» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Б.Мақұлбеков, Маңғыстау, БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстық соттарының төрағалары мен судьялары, республикамызға белгілі ғалымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері мен оқытушылары, облыстың ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар ұйымдарының белсенділері және де БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Б.Мақұлбеков іс шараны ашып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің ашық хатын оқып берді: «Сыр бойында маржандай тізіліп жатқан қалалардың ішіндегі ең маңызды, тарихи орын – Сығанақ қаласы. Оның 1468 жылы Қазақ хандығының тұңғыш астанасы болғаны туралы зерттеуші Адырбек Сопыбековтың еңбегінде кеңінен жазылған. Бұдан басқа Сыр бойында жатқан Сауран, Созақ, Отырар, Түркістан, Жент, Баршынкент тағы басқа да қалалардың Қазақ хандығынының экономикалық күш-қуатын нығайтудағы рөлі зор болғанындығын атап көрсетті. Өңірлік конференцияға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының судьяларын, заңгерлерді және тарихшылар мен этнограф ғалымдарды шақырудағы негізгі мақсат – мемлекетіміздің тарих қойнауында жатқан дерек көзін, құпия сырын ашып, ұрпақтар жадына сіңіру», - делінген.
Конференция барысында доктор-профессорлар, сот судьялары әр түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Айта кету керек, конференция материалдарынан жинақ құрастырылатын болады.