ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ӨТКІНШІ ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Қостанай, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Қарағанды өңірінде кей жерлерде ауа температурасы -1 градус суықты көрсетеді. Алдағы тәуліктерде еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы көптеген таулы өзендерде су деңгейі ауытқиды.