СЫР ӨҢІРІНДЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ҚЫЗА БАСТАДЫ
Биыл Сыр өңірінде 164 мың гектар алқапқа егін түседі. Оның 76 мың гектардан астамы басты дақыл күріштің еншісінде, деп хабарлайды 24.kz.
Сыр диқандары егінді ерте бастады. Сәуірдің соңғы күндерінен-ақ күрішті суға бастырды. Бұл күн райының қолайлы болғанымен байланысты. Тағы бір атап өтетін жағдай жергілікті сортардың түрі мен егіс көлемі де артып келеді. Қазір аймақта көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тұқым сапасын арттырып, өнім көлемін молайту тұрғысында да игі бастамалар аз емес.
Таяққа сүйенсе де ата кәсіптен қол үзбеген Құдайберген ақсақал егін алқабына жиі келеді. Ол – 15 жасынан атыз жағасында тер төккен еңбекқор жан. Қажет жерде ардагер кеңес беруге де қарсы емес. Даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың ізбасарлары биыл да өнімді молынан алмақ ниетті.
- Біз мұны жібітіп қойып, суға қолдап сеуіп кететін едік баста. Қазіргі сепкіштер 35 метр қашықтыққа бір ақ шашып тұр. Бұрын өзінің ізіне ғана себетін еді. Ол да жетіліп, қазіргі 30 метр бүйірге шашып отыр. Бұрынғы тізеден су кешіп жүріп, тұқым себу бейнеті келмеске кетті. Дегенмен тоқсан күн табаны суда тұратын күріш дақылын күтудің қазіргі әдісі де күрделі. Заманауи технология болмаса тұқымды түрлі өсімдік ауруынан аман алып қалу қиын,- дейді тыл ардагері Құдайберген Әзбергенов.
Дихандардың айтуынша күрішті селестоп дәрісімен дәрілеп егуде. Селестоп дәрісі жағадағы шыбындарды шығармайды, тұқымға құрт түсірмейтін көрінеді. Жалпы тұқымның өнуіне 100 пайыз кепілдік береді.
- Қазір сорт сынақтан өтуде. Алдағы жылдары осы сорттың барлығы біздің облыстың шаруашылықтарына енгізіліп, егілетін күріштің 50 пайыз үлесін біздің өзіміздің жергілікті сорттар құрайды деп отырмыз. Енді күріш еккеннің бәрі субсидияға қол сала алмайды. Тұқымның тазалығын, егіннің мәдениетін сақтағандар дараланатын болады. Осылайша өнімнің сапасы мен өнімділігін еселеуге ерекше мән беріліп отыр, - дейді Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ директорының орынбасары Әсет Тоқтамысов.