«ТАҒЗЫМ» АЛАҢЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН АРДАГЕРЛЕР ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Ұлы Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты митинг өтті.
Митингте алдымен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың облыс жұртшылығы атынан ел үшін қаза тапқан ата-бабалар рухына арнаған «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімінің куәсі болды. Онан соң Ұлы Отан соғысында құрбан болған боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Өз сөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ардагерлерді бейбітшілік көктемі, елдің ерен көктемі, ерлік көктемі, Жеңіс көктемімен құттықтады.
Орталық алаңнан бастау алған жасампаз жасақтың шеруіне де мыңдаған еріктілер қатысты.
Бұл жоба биыл қатарынан үшінші жыл жүзеге асқан мән мағынасы мол, тағылымы толайым шара. Биыл да жасампаз жасақ шеруіне мыңдаған қызылордалық қолдау білдірді. Себебі әр қайсысының ата бабасы сол сұрапыл соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бізге бейбіт өмір сыйлады. Кейбір жауынгерлеріміз ұлы шайқастан елге оралмады, кейбірі із-түзсіз жоғалды, бірі аяқ қолын беріп мүгедек атанды. Бұл әрине жүрекке салынған үлкен сызат екені анық. Бүгінгі ұрпақ зұлмат соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан жауынгер бабаларын ұмытпайды.
Айта кету керек, Қызылорда қоғамдық телеарнасының бастамасымен қолға алынған жоба қазір Қазақстанның барлық облыстарында қолға алынып, жалғасын табуда.
Ал «Тағзым» алаңында Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арналған салтанатты әскери шеру өтті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне қаладан, аудандардан арнайы шақырылған қонақтар да «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Әрі қарай, қонақтар мен соғыс және еңбек ардагерлеріне арнайы дайындалған ақ шатырдан әскер ботқасынан ауыз тиіп, мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Айта кету керек, қызылордалықтарға кешкі 19-00де Орталық алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шынар БЕКБАН