МАЙДАНГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев соғыс және тыл ардагерлерімен дастархан басында кездесіп, емін-жарқын әңгімелесті. Ұлы Отан соғысы жылдары Қызылорда облысынан 70 мың азамат отанын қорғауға аттанса, бүгінгі таңда солардан қалған көзі тірісі 89 соғыс ардагері ғана ортамызда.
Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы ардагерлерді қасиетті де қастерлі мереке – Жеңіс күнімен құттықтап сөз сөйледі.
- Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінде облысымызда қатары күннен-күнге сиреп бара жатқан ардагерлерімізге құрмет көрсету біздің басты мақсатымыз және негізгі міндетіміз. Біз олардың бүгінгі өмірін жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, - деді облыс әкімі.
Майдангерлердің әлеуметтік жағдайының жақсаруы үнемі назарда. Оларға қаржылай көмектер беру, сондай-ақ тегін демалыс орындарында демалуы, емделуі, жыл бойына коммуналдық қызмет шығындарының өтелуі облыстық бюджет тарапынан шешілген.
Ал жеңісті жақындатқандарға жылы лебізін білдірген облыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов өңіріміздегі майдангерлер туралы деректі фильм түсіріліп, кітап жарыққа шыққанын айтты. Бұл сый-сыяпат барлық ардагерге табысталмақ.
Кең жайылған дастархан басында отырған ардагерлерге жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынды. Ал Сарыарқадан Сыр өңіріне арнайы ат терлетіп келген айтыскер ақын Аманжол Әлтаев майдангерлерге арнау айтып, жыр шумақтарын тарту етті.