АЙМАҚ БАСШЫСЫ МЕН ДИХАНДАР ЕГІСТІК АЛҚАБЫНДА БАС ҚОСТЫ
Сыр өңірінде күріш егуге шамамен жылына 21 мың тоннадан астам тұқым қажет. Қазір шаруалар көбіне ресейлік сорттарды пайдаланып отыр. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары жергілікті табиғатқа бейім келетін сорттардың бірнеше түрін тәжірибеден өткізіп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Өндірістегі жергілікті сорттардың үлесі 30 пайыз шамасында. Келер жылы 50 пайызға жеткізілмек. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Сырдария ауданында өткен көктемгі дала жұмыстарының барысы жөніндегі мәжілісте айтылды.
Бұл жиын Шіркелі ауылындағы «Мәди қажы» шаруа қожалығының егіс алқабында өтті. Алдымен шаруақожалықтар осы жерде бір-біріне тың әдістерін айтып, тәжірибе бөлісті. Мәселен, «Мәди қажы» шаруа қожалығы 2500 гектарға күріш егуді межелеп отыр. Бүгінде соның 1500 гектарын егіп болған. Шаруа қожалықтың бас агрономы Мешітбай Спонов өткен жылдан бастап жерді тегістеп барып, күріш тұқымын сеуіп жатқандығын мәлімдеді. Мамандар жердің тегіс болуы жаңа технологияның жұмыс істеуіне ыңғайлы екендігін айтып отыр. Сондай-ақ, күріштің шығымдылығына да пайдасы мол. Шетелдік тәжірибеде осындай жерді тегістеп еккен шаруаларға ғана субсидия төленеді екен.
Жалпы, жиын осы және өзге де өзекті мәселелер сөз болды. Биыл 164,1 мың гектарға егіс егу межеленіп отыр. Соның 76,3 мың гектары күріш. Қазіргі таңда Сыр саласының 36 пайызы егіліп болды. Ауа-райының қолайлы болуына байланысты биыл шаруалар егінге ерте кірісті. Сала мамандары егістікке қажетті тұқым, жанар-жағармай мен техникалар толық талапқа сай екендігін айтты. Дегенмен, судан тапшылық болуы мүмкіндігін де жасырмады. Сондықтан үнемділікке көшу қажет. Бұдан былай әртараптандыру бағытында жүгері мен қызылша тамшылатып суару әдісімен өсірілетін болады.
– Ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыста ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Күріштен сапалы өнім алудың жағын қарастырғанымыз жөн. Бұл бағытта Краснодар аймағымен тығыз байланыстамыз. Кореялықтар да бірлесе жұмыс жасауға келісіп отыр. Ол елдің де тәжірибесін жергілікті шаруа қожалықтарға көрсетуіміз керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты директорының орынбасары Әсет Тоқтамысов екі-үш жылдың көлемінде облыста жергілікті күріш сорттары егілетінін мәлімдеді. Өнімділігі жоғары, суға төзімді, түрлі ауруларға төтеп бере алатын сорттар болмақ. Тәжірибе көрсеткендей, бұл сорттардан кем дегенде гектарына 60 центнерден өнім алуға болады.