27 ӨРТ СӨНДІРУШІ АЛҒЫС ХАТТАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Өрт кезінде қаза болғандарға арналған ескерткіш алаңында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік жиналыс болып өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник М.Келесов жиналысқа қатысушы қызметкерлер мен ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде 70 жыл аз уақыт емес, бір адамның ғұмыры, біздің аталарымыз тек елін, жерін ғана қорғаған жоқ, олар Отанын қасық қаны қалғанша біздің жарқын болашағымыз үшін қорғады, деп атап өтті. Жиынға қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының өкілі Алтынбек Жарылқасынов Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Жиын барысында қызметкерлерді марапаттау рәсімі өткізілді. ҚР Президентінің «Ерлігі үшін» медалімен Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №2 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы өртке қарсы қызмет сержанты Сейлханов Бауыржан Исатайұлы марапатталды. Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Имбетов Ғани Прмаханұлына арнайы өртке қарсы қызмет полковнигі атағы берілді.
«Нұр Отан» партиясының өкілі Алтынбек Жарылқасынов қызметтік міндеттерін атқаруда көрсеткен ерліктері үшін 27 қызметкерге облыс, қала әкімінің және «Нұр Отан» ХДП алғыс хатын табыстады.
Жеңіс күні мерекесі құрметіне жас суретшілердің конкурсы өтіп, оларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды. Өз кезектерінде ардагерлер ұйымдастырушылар мен жиынға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, мерекемен құттықтады.