ҚАЗАҚСТАНДА ТҰЯҚ ПЕН МҮЙIЗ ӨҢДЕЙТIН ЖОБА IСКЕ АСЫРЫЛМАҚ
Қазақстан жақын уақыттары ауыл шаруашылығы саласында шетел инвесторларын тарту арқылы 15 инновациялық жобаны қолға алмақ.
Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков.
"Жоғары қосалқы құнды қамтамасыз ететiн өңдеушi өнеркәсiп басым маңызға ие. Осы орайда министрлiк шетелдiк инвесторлары арқылы Қазақстанда 15 жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда. Аталған жобалардың жалпы құны - 190 млрд. теңге. Ет өңдеу және ет шаруашылығы саласында төрт жоба қолға алынбақ. 60 млрд. теңгеге жылына 90 мың тонна өнiм шығаруға қауқарлы құс фабрикасы салынады. Ол импортты 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкiндiк бередi. Сүт шығару және оны өңдеу бойынша да жобалар бар және астықты терең өңдеу жобасы iске асырылады", - дедi А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, өңдеушi жобалар Қазақстанның инновациялық дамуына үлкен үлес қосады және онда ең заманауи технологиялар тартылмақ.
"Мәселен, «Еуразия Агрохолдинг» ЖШС жылына 17 мың тонна өнiм шығара алатын ет комбинаты мүйiз, тұяқ және қанның өзiн өңдейтiн болады. Яғни қалдықсыз өндiрiс", - дедi министр.