ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АЗДАП ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым аумағында фронтальды ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, батыс аймақта бұршақ жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидромет мәліметінше, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай ойнайды.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с дейін жетеді. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, кей аумақтарда бұршақ жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді, найзағай ойнап, тұман түседі. Қарағанды облысының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.