РЕСЕЙ «БАЙҚОҢЫР» АЙЛАҒЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ ЖАЛҒА АЛУДАН ШЫҒАРУҒА МҮДДЕЛІ
Ресей «Байқоңыр» айлағындағы бірқатар нысандарды жалға алудан шығаруға мүдделі. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
Жалпы отырыста «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған болатын.
Заң жобасын талқылау барысында депутат Рауан Шаекин бұқаралық ақпарат құралдарында «Байқоңыр» ғарыш айлағына жалға берілетін мүліктер қысқартылатыны жазылғанын тілге тиек етіп, бұның нәтижесінде арендалық төлем азаятындығы туралы ақпаратты да сұраған еді.
«Шындығында, 1994 жылы екі мемелкет басшылары «Байқоңыр» үшін арендалық төлем жылына 115 млн. доллар шамасында бекітілген. Бұл бүгінге дейін сақталып келеді. Сонымен қатар, Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан мыңдаған нысандарды арендадан шығаруға мүдделі. Ондай объектілердің басым бөлігі ескірген, оларды Қазақстан тарапы да Ресей тарапы да келешекте қолдануға еш қызықпайды. Сондықтан да, олар ондай нысандарды арендалық төлемнен шығарғысы келеді. Алайда, қазірге дейін Ресей тарапынан «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланғаны үшін жалға алу төлемін қысқарту туралы мәселе қойылған емес», - деді Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев.