ШИЕЛІДЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Бүгін Шиелі ауданы Ш.Қодаманов ауылында Жеңіс күніне орай 150 орындық ауылдық клуб ашылды. Шараға ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысты. Облыс әкімі Қ.Көшербаев барша ауыл тұр¬ғындарын Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, жаңадан іске қосылған мәдени ошақтың жұмысымен танысты.
– Жаңа ауылдық клубтың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Елбасының қамқорлығының арқасында біздің елімізде мәдениет саласын дамытуға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Әсіресе, ауылдың мәдениетін көтеру, көркейту – басты міндеттің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар Сыр өңірінде жүйелі жүзеге асуда, - деді аймақ басшысы.
Шара барысында аймақ басшысы ҰОС ардагерлері Б.Дүйсенов пен В.Кривенкоға «Жеңістің 70 жылдығы» медалін табыс етті.
Екі қабаттан тұратын ғимарат заманауи талапқа сай салынған. Клубта мыңнан астам қоры бар кітапхана және сурет, музыкалық білім беретін үйірмелер жұмыс жасайтын болады.
Айта кетйік, биыл облыс бойынша 8 мәдени нысанның құрылысына мемлекеттік қазынадан 3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 7 ауылдық клуб және мұражай мен кітапхана құрылысы да бар. Жыл соңына дейін облыс бойынша осындай замануи мәдени нысанның тағы 6-ауы пайдалануға берілетін болады.