ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ «ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАДЫ
Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында майдангер және тыл ардагерлерінен 45 ардагерді «1941-1945 жылдырдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медалімен марапаттады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара барысында ардагерлердің құрметіне концерттік бағдарламалар ұсынылып, мерекелік дастархан жайылды.
Бұған дейін дәл осындай шаралар қала әкімінің орынбасарлары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен қалаға қарасты барлық кент, ауылдық округтерде және елді-мекендерде ұйымдастырылды.
Биылғы жылы республика, облыс, қала көлемінде бекітілген іс-шараларға сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерейтой аясында бюджеттен бөлінген қаржылардан бөлек, қосымша жан-жақты әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру және оған бизнес құрылымдарының өкілдерін, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме, кәсіпорындарды кеңінен тарта отырып бірқатар ардагерлерге түрлі көмектер көрсетілуде. Сонымен қатар Астана қаласында өтетін шеруге біздің қаламыздан 9 ҰОС ардагері қатысқалы отыр.