ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ ТАПСЫРЫЛДЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Ерлікке тағзым» әлеуметтік жобасы аясында ардагерлерге ерекше мерекелік тарту жасады.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы 41 ардагерге арнайы тапсырыспен өздерінің суреттері бейнеленген портреттер жасалып, сыйға тартылды.
Көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірген ардагерлер, бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің бірі Тәнеш Оразов «Барды бағалай біліңдер! Елбасының бастамаларына қолдау көрсетіп, елді өркендету жолында аянбай еңбек етіңдер», - деді.
«Бүгін Палатаның қызметкерлері бір күндік жалақыларын шығарып, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелері қаржылай қолдау көрсетіп, Қызылорда қаласындағы 41 ардагерге құрмет көрсетіп, мерекелерімен құттықтаудамыз», - деген Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов Жеңіс күнінің авторлары – қазыналы қарттар қай кезде де аса жоғары құрметке лайық екендігін жеткізді.
Қазіргі таңда Қызылордада 90-ға жуық көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Жеңіс күні қарсаңында қызылордалық кәсіпкерлер құнды қазына – ардагерлерге құрмет көрсетуде.
Осы уақытқа дейін қала кәсіпкерлері 12 ардагерге барлығы 1 млн.теңгеден астам көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, 10-ға жуық ардагерге тұрмыстық техника, үй-жихаздарын алып берді.
Айта кету керек, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгінде «Ерлікке тағзым» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның басты мақсаты – еліміздегі ардагерлерге әлеуметтік және материалдық тұрғыдан көмек көрсету. Шара республика көлемінде өткізілмек.

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі