ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жауын жауады, республиканың көптеген облыстарында желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күн ашық болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Қостанай облысында кей жерлерін түнде және таңертең тұман басады. Алматы, Маңғыстау облыстарында күндіз 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады деп болжанған. Солтүстік және орталық облыстарында күндіз ауа температурасы 17-27º шамасында, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста сынап бағанасы 30-38º-ден 25-30º-қа дейін түседі. Керісінше республиканың батыс облыстарында күн ысып, ауа температурасы 33-38º, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтеріледі.