ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД-ДЕ 102 АРДАГЕРДІҢ АТЫ ЖАЗЫЛҒАН МӘРМӘР ТАҚТАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Бүгін Ұлы мереке қарсаңында, ардагерлерді еске алып, ерліктерін ұлықтау мақсатында Ішкі істер органдарында абыройлы қызмет еткен ардагерлерге, оның ішінде соғыс ардагерлеріне арналған мәрмәр тақтаның салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсімге Ішкі істер органдарының Ұлы Отан соғысы ардагерлері, соғыс ардагерлерінің туыстары, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, департамент басшылығы және жеке құрам қатыстырылды.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасы Әнұраны ырғағымен ашылып, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың құттықтауы оқылды. Департамент бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов соғыс ардагерлерін, жалпы ішкі істер органдары ардагерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әр батыр аталарымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді жүрек түкпірінде ұстайтынын ерекше атап өтті.
Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының марапаттау жайлы бұйрығы ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері Әбішбеков Ислам Құрмет грамотасына ие болды. Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің 15 ардагері, сондай-ақ, өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің бірнеше қызметкерлері марапатталды.
Одан әрі мерекелік іс-шара жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған жас мамандар қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда ОІІД басшылығы полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған әскери қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға әскери қызметте сәттілік тіледі. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органы ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Пейсов те құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
Шара барысында ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарған Ұлы Отан соғысының 102 ардагерінің аты жазылған мәрмәр тақтаның ашылу рәсімі өтті. Ескерткішті Ұлы Отан соғысының ардагері Бержанов Махамбет пен тыл еңбеккері Байтоқаев Пірімбет ашып, ескерткіш тақтаның құрылысында белсенділік танытып, 1 күндік жалақыларын аудару арқылы материалдық тұрғыдан көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Бұдан кейін жиналғандар 1 минут үнсіздік жариялап, соғыста қаза болғандарды еске алып, рухтарына тағзым етті.
Сонымен қатар, ардагерлердің құрметіне мерекелік дастарқан жайылып, концерттік бағдарлама қойылды.