ҚАЗАҚСТАН «БӘЙТЕРЕК» ҒАРЫШ ЗЫМЫРАН КЕШЕНIНЕ БӨЛIНГЕН БЮДЖЕТТIК КРЕДИТТI ӨТЕУ КЕЗЕҢIН 2019 ЖЫЛҒА ДЕЙIН ҰЗАРТПАҚ
Бүгiн Мәжiлiс депутаттары «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама 2014 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалды.
Аталған хаттама келiсiмнiң шеңберiнде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру жобасын iске асыру үшiн берiлген бюджеттiк кредит бойынша негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңiлдетiлген кезеңдi тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы 2019 жылға дейiн ұзарту мақсатында әзiрлендi.
«Бұл жобаны iске асыру үшiн «Бәйтерек» бiрлескен кәсiпорны құрылды, оған Қазақстан тарапы негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша бесжылдық жеңiлдетiлген кезеңдi қоса 19 жылға 223 млн доллар бюджеттiк кредит бөлдi. Келiсiмнiң шарттары бойынша Ресей тарапы «Плесецк» ғарыш айлағында «Ангара» ғарыш зымыран кешенiнiң ұшу сынағын қамтамасыз ету тиiс болды. Бұл сынақ тек 2014 жылы сәттi iске асырылды, яғни келiсiм жасалғаннан соң 21 жылдан кейiн жасалды», - дедi ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев.
Оның сөзiнше, осының салдарынан жобаны iске асыру ұзаққа созылып кеттi, «Бәйтерек» кешенi салынбады, ал кредит төлеу мерзiмi келiп қалды.
«Келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттама бюджеттiк кредит бойынша негiзгi борышты өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңiлдетiлген кезеңдi 2019 жылға дейiн ұзартуды қарастырады. Бұл «Бәйтерек» бiрлескен кәсiпорнына жобаны жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкiндiк бередi. Бүгiнгi күнi «Ангара» базасында «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру бойынша жобалық құжаттарды түзету және жоба шарттарын ресейлiк тараппен келiсу бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатыр», - дедi Т.Мұсабаев