ӨШПЕС ЕРЛІК
Бекенов Телеусан Тұрмағанбетович 1910 жылы Қызылорда облысы, Теренөзек ауданында шаруа отбасында дүниеге келген. Соғысқа дейін ол политикалық партия қатарында болып, кейін Шымкент қаласына жұмысқа жіберілген.
1943 жылы РККА – ның 73 атқыштар полкінің взвод командирлігіне Холм Қызыләскер 33 атқыштар дивизиясына шақырылды. 1945 жылы 4 наурызда лейтенант Телеусан Бекенов Беверинген бекетін басып алып, батальон өтетін жолдарды жауып, қарсы бетке жаудың атқыш машиналарын өткізбеу туралы тапсырма алады. Бұйрықты орындау кезінде ол мылтықпен жаудың екі зеңбірегін атып түсіреді. Уақыт жоғалтпай тез арада немістің танкісіне атака жасап, 13 неміс солдатын өлтіріп, 31 фашисті тұтқынға алып келеді. Берлинге келер жолда жаудың тұтқындау лагеріндегі өз қандастарын құтқарады.
Берлинге 30 шақырым қалғанда Телеусан Тұрмағанбетұлы оң аяғынан жараланады. Оны неміс қаласы Дрезденде госпитальда емдетіп, сол жерге комендант етіп тағайындайды. Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Президиумының атынан фронтта немістермен шайқаста көрсеткен ерлігі үшін оны 1945 жылдың 3 мамырында Қызыл Жұлдыз Орденімен наградталады. 1946 жылы ол Отанынан оралып, отбасын құрып, үш балалы болады.

Бекенов Телеусан 55 жыл өмірінде аудандық комитеттің ІІ хатшысы, Райисполкомның төрағасы болды. 1955 жылы оны қалаға ауыстырады және содан соң отбасымен бірге жеті бала тәрбиелеп өсіреді. Өмірінің соңғы жылына дейін Т.Бекенов Советтік өрт күзетінде қызмет жасайды. Соғыстың көптеген жағдайлары жабық және құпия түрде сақталды. Жақында Т.Бекеновтің ерліктері туралы мәлімет Мәскеу әскери мұрағатынан қысқаша алынды.
Әр жылы 9 мамырда Ресейдегі және Қазақстандағы әскери шеру кезінде Т.Бекеновтің үлкен суретін немерелері өшпес ерліктің рухына тағзым етіп, мақтанышпен көтеріп келеді.
Қызылорда облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы