ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА АЛҒА ІЛГЕРІЛЕУ АЙҚЫН БАЙҚАЛАДЫ
Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүесін енгізген уақыттан бері облыстық денсаулық сақтау саласында алға ілгерілеу айқын байқалады. Бұл туралы бүгін медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Бақыт Ісмаханбетов «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Б.Ізмахановтың айтуынша, біріңғай жүйенің аймақ бойынша Комитет арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылуы өткен жылы 2013 жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өскен. Бұл жолы негізгі салмақ жоғары мамандандырылған медициналық көмекке бөлініп, жақсы көрсеткіштерге қол жетті. Соның дәлелі ретінде 2014 жылы ОМО базасында бүйрек алмастыру бойынша отаның сәтті аяқталғанын айтуға болады.
Сондай-ақ, 2014 жылы облыстағы медициналық қызмет көрсету менеджментінің жұмысын дамыту мақсатында бөлінген 88,5 млн. теңге көлеміндегі қаражат бір медицина жұмыскеріне орташа есеппен 63,9 мың теңге сараланған еңбекақы ретінде жұмсалған.
Айта кетейік, бір науқастың медициналық мекемеде бір күнгі ем қабылдауға жұмсалған шығыны орташа есеппен алғанда 10000 теңгені құрайды. Одан бөлек, тегін медициналық көмекті қолданатын науқастар үшін көрсетілетін қызмет түрлерінің ішінде құны 6 млн. теңге тұратын қымбат тұратын жабдықпен жарақтандырылған бір реттік қызмет түрлері де қарастырылған.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА