НҰРЛЫ ЖОЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТКШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БАРЫСЫНДА ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛМАҚ
Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі таңда құбырларды, сорғы жабдығын, қазандық қондырғыларын және кәріз тазарту жабдығын өндіретін отандық тауар өндірушілерді қолдауға сегіз жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілер тізілімі құрылатын болады.
Қайырбек Өскенбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыру үшін тиісті заңнамалық негіз құрылғандығын атап өтті. Атап айтқанда, «Кейбір заңнамалық актілерге сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы пысықталды. Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, қайта құруға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды бюджеттік несиелеу ережелері, сонымен қатар Мемлекеттік емес қаржы ұйымдарымен бірге қаржыландыру жағдайында жүзеге асырылатын жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, қайта құру және жаңғырту саласында инвестициялық жобаларды субсидиялау ережелері әзірленді.