ОСЫ ЖЫЛЫ 96 ТКШ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар 269,4 млрд. теңге сомасына 200 жобаны іске асыруға өтініштер берді. Олардың ішінде осы жылы жалпы құны 269,4 млрд. теңгені құрайтын 96 жоба қаржыландырылатын болады. Жоспарланған жұмыстардың басым бөлігі жылумен қамту жүйелерін жаңғырту болып табылады – бұл салада 66 жоба іске асырылатын болады.
«Бұл тозуды 67%-дан 65%-ға дейін төмендету үшін 266,3 км жылу және сумен жабдықтау, су бұру жүйесін салып, қайта құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті вице-министр.