ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Берік отбасы есірткіден алыс!» тақырыбында мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында есірткі мәселесіне байланысты әлеуметтік зерттеу сайысы ұйымдастырылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыстың негізгі мақсаты жасөспірімдер арасында есірткі заттарының қоғамға әкелетін зияны жайлы пікірлерін білу, өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
Сайысқа 20 оқушы-студент қатысып, өздерінің жұмыстарында облыстағы жастар, жасөспірімдер, бұқара қауым арасында сауалнама арқылы қазіргі таңдағы негізгі мәселелердің бірі – нашақорлық пен есірткі бизнесі мәселелеріне байланысты әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Әрбір сайыскер сауалнама әзірлеп, онда келесідей сұрақтар енгізген: есірткі бизнесі мен нашақорлық ұғымдары деген не, оқушы, студенттер мен түрлі санаттағы азаматтар арасында есірткіге тестілеуді өткізу жайлы пікір білу, есірткі қабылдауға итермелейтін қазіргі замандағы халық арасында туындайтын мәселелер түрі, бос уақытты тиімді өткізу, есірткі тұтынудың әлеуметтік себептері, есірткі мен нашақорлықтың алдын алу түрлері жайлы.
Ағымдағы жылдың 04 мамырында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында сайыс қорытындыланып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша 5 сайыскердің жұмысы байқау талаптарына толық сәйкес келеді деп танылып, әділқазылар тарапынан ерекше атап өтілді. Олар: Жалағаш ауданы №31 орта мектеп оқушысы Мақпал Қалыбек, Сырдария ауданы №36 мектеп-лицей оқушысы Жанар Тұрлыбекова, Шиелі ауданы №244 орта мектеп оқушысы Арыстанбеков Ернат, Шиелі ауданы №219 орта мектеп оқушысы Серікбай Аида, Қызылорда қаласы №3 мектеп- лицей оқушысы Алтынай Әбдімәлік.
Алайда, «жарыс болғаннан кейін жеңімпаздары да болады» демекші, ең үздік деп танылған әлеуметтік сауалнама авторы Қызылорда қаласы №3 мектеп- лицейінің оқушысы Зарина Жадырасын І орынды иеленсе, ІІ және ІІІ орындарды Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің оқушысы Айша Ажарова мен Қызылорда қаласы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледж студенті Ерсұлтан Қалмұрат теңдей бөлісті. Ал ІV орын Арал ауданы, Арал индустриалдық-техникалық колледж студенті Каманамов Маханбетке бұйырды.
Аталған жеңімпаздар Қызылорда ОІІД басшылығы тарапынан дипломдармен марапатталып, естелік сыйлық ретінде теледидар, планшет сынды бағалы сыйлықтар ұсынылды.