ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА 450 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға 450 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп жазады Baq.kz.
«Аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғыртуға жалпы 450 млрд теңге бөлінді. Осылай 2015 жылы – 60 млрд теңге, келесі жылы 90 млрд теңге, 2017-2019 жылдары 100 млрд теңгеден жыл сайын бөлініп отыратын болады» деді вице-министр.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламада тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша кешенді іс-шаралар анықталғаны туралы да сөз қозғап өтті. Жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету бойынша проблемаларды шешу, сондай-ақ жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру үшін тұрғын-үй коммуналдық секторды жаңғырту бойынша обьектілерді орталықтандырылған технологиялық тексеру жүргнізілетін болады.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі күнде инвестициялардың негіздемесі әзірленіп, өңірлерде іріктеу критерийлері мен жобаларды іске асыру басымдықтары айқындалған.