ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ӨТКІНШІ ЖАУЫН ЖАУЫП, НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында кей жерлерде күн ашық болады, ал еліміздің қалған аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Жамбыл, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Алматы, Атырау өңірлерінде кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.