ЖЕҢІС ПАРАДЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АВИАТОРЛАР ӘУЕДЕ «70» САНЫН ЖАСАЙДЫ
Әскери ұшқыштар Ұлы жеңістің мерейтойлық датасын айғақтайтын «70» санын әуеде бейнелеп, көрермендерге сый жасайды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған қазақстандық армия тарихындағы ең ірі әскерлер парадына үш күн уақыт қалды. Парадта авиа-шоудың орны ерекше болмақ. Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберлігін көрсетпек. Авиаторлар Ұлы жеңістің мерейтойын айғақтайтын «70» санын әуеде көрсетіп, көрермендерге сый жасайды», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
7 мамыр күні қазақстандық ӘӘК қаруының бір бөлігі болып саналатын 70 авиациялық техника Астана көгіне көтеріледі. Бұлар – майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары. Бұдан өзге парадқа ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған жаңа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысатын болады. Алдағы парад – біздің болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр ата-бабаларымызға құрмет, сондай-ақ бүгінде ел қорғаны болып табылатын қазақстандық армияның жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді. Ертең 5 мамыр күні Астанадағы айтулы әскери парадтың бас репетициясы өтеді. Ауқымды шеруге 5 000-нан аса әскери қызметші, 220 бірлік заманауи қару-жарақ пен әскери техника, сонымен бірге 70 бірлік қазіргі заманғы авиация техникасы тартылады. Сонымен бірге мұнда қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен бірге Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі армия мен қару түрлері көрсетілмек.