АЛМАТЫДА БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ АТЫНДАҒЫ АЛЛЕЯ САЛУ ҰСЫНЫЛДЫ
Алматыда Батырхан Шүкеновтің атындағы аллея салу ұсынылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы жобаның бастамашысы Сергей Терещенко айтып берді. Еске салайық, Батырхан Шүкенов 29 сәуірде 52 жасында қайтыс болған еді.
Терещенконың айтуынша, мұндай бастаманы олар Батырхан Шүкенов дүниеге келген Қызылордада салуды әкімдікке ұсынады. "Мен жерлеу рәсімінде болдым және қанша адамның келгенін, адамдардың оған деген қандай құрмет көрсететітінін көрдім. Қазір ұсыныс көп - ескерткіш қою, көшеге оның атын беру, бұл дұрыс, меніңше", - деді жоба авторы.
Оның айтуынша, Алматы билігі Алатау ауданында саябақ салады. Сол жақта, Терещенконың пікірінше, танымал музыканттың атындағы аллея салынбақшы. Ол бұл саябаққа гитара, саксофон алып келетін музыканттардың Шукеновтің әндерін орындауға жиналатынын айтты. Терещенко аллеяға ағаш отырғызуды 2015 жылдың күзінде бастамақ. Жоба бастамашысының айтуынша, жыл сайын емен ағашының, жөке ағашының және қарағанның шамамен миллион түбін өсіріп, оларды қалағандарға сыйлау жоспарланып отыр. Мәселен, 2014 жылы шамамен тоғыз мыңға жуық ағаш отырғызды.