ҚОСТАНАЙДЫҢ ЕКІ ҚАБАТТЫ АВТОБУСТАРЫНДА BEELINE ҚАЗАҚСТАН ҰСЫНҒАН ТЕГІН ИНТЕРНЕТ ПАЙДА БОЛДЫ
Beeline Қазақстан компаниясы Қостанай қаласында өзінің«WiFi Bus» республикалық жобасын бастады. Ол кең көлемді жобаға ресми қосылған алтыншы қала болып табылады. Қазірдің өзінде 120-астам автобус еліміздің бірнеше қаласында бағытта жүр және өз жолаушыларына тегін интернетті қолдану мүмкіндігі сыйлауда. Алғашында бұл жоба «сынақтық тәртіпте» Петропавл қаласында басталды, одан кейін бұл тәжірибе Көкшетау, Түркістан, Орал, Қарағанды қалаларында өзінің сәтті жалғасын тапты. Бүгінгі таңда Қызылорда, Атырау қалаларында белсенді сынақтан өткізіліп, сондай-ақ Алматы, Астана, Павлодар және басқа қалаларда дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жобаның мәні - қалалық автобустарда 3G WiFi-роутерлерді - әлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігін беретін аспаптарды орнатуда. Қазір қалада 10 автобус осындай жабдықпен жабдықталған, алдағы уақытта олардың санын арттыру жоспарлануда. Интернетке қосылу үшін WiFi қолдану мүмкіндігі бар құрылғы – смартфон, планшет немесе ноутбук болса жеткілікті. Айта кетерлік бір жайт, бұл жабдықтың, жобаның әріптесі болып саналатын «Туристтранссервис» ЖШС-не қарасты екі қабатты автобустарға орнатылуында.
«Смартфондардың, планшеттердің және басқа да құрылғылардың танымалдылығының айтарлықтай артуы, адамдардың кез-келген жердегі жоғары жылдамдықты мобильді интернетке деген қажеттелігіне әкелуде. Біз мұндай жобаны республикалық көлемде ашқан алғашқы компания болып табыламыз. Қала тұрғындары үшін жоғары жылдамдықты интернет ұсына отырып, біз оларға өз танымы мен қызығушылығы деңгейін кеңейтуге мол мүмкіндік ұсынамыз», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко өз пікірін білдірді.
«Автобуста желіге тегін қосылу – жұмысқа немесе оқуға барар жолдағы уақытты ұтымды пайдалану мүмкіндігі. Біз осындай қызықты да пайдалы жобаны іске қосқан Beeline Қазақстан компаниясының бастамасын қолдаймыз. Бұл бастама қалалық қоғамдық көліктегі қызмет сапасын жақсартып, жолаушылар санын арттыра түсетіні күмәнсіз», - деп Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев өз ойымен бөлісті. «WiFi Bus» жобасы Beeline ұсынған 3G желісі арқылы жүзеге асырылып, клиенттерге жоғары жылдамдықты мобильді интернетті Қазақстанның барлық жерінде қолдануға мүмкіндік береді.