ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА ӘКІМНІҢ КАНДИДАТУРАСЫН ҚОЛДАДЫ
4 мамыр күні Қызылордада Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтті. Күн тәртібінде Қызылорда облысының әкімі лауазымына ұсынылған кандидатураға келісім беру мәселесі қаралды.
Облыстық мәслихаттың хатшысы Ақмарал Әлназарова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқыды. «Құрметті депутаттар! Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі лауазымына Қырымбек Елеуұлы Көшербаевты ұсынамын. (...) Қырымбек Елеуұлының басшылық лауазымдарда қызмет атқару тәжірибесі мол, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімі, ҚР-ның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымдарында қызмет істеген. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келеді».
Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.
Өз сөзінде Қырымбек Көшербаев Елбасына білдірген сенімі үшін, ал депутаттарға көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты.
- Қазақстан Республикасының Президентін сайлауда Қызылорда облысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Ұлықтау рәсімінде Елбасы Ұлт жоспары деп атаған 5 кешенді реформаны ұсынды. Енді біз бар күшімізді осы реформаларды іске асыруға жұмсауымыз қажет, - деді Қ.Көшербаев.
- Президент сенімі – мен үшін зор құрмет және үлкен жауапкершілік. Сол жауапкершілікті жоғары деңгейде ақтау үшін аянбай еңбек етемін деп мәлімдеймін. Алдағы уақытта Сыр елінің жасарып, жаңаруы үшін бірлесе жұмыс істейік, - деп, депутаттарды туған өлкенің игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырды.