ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ТАРТЫМДЫ АЙМАҚТАР ҚАЙСЫ?
«HeadHunter Қазақстан» зерттеушілері hh.kz порталында жұмыс іздеушілердің 2014 жылғы резюмелерін сараптаған. Онда қазақстандықтар қай өңірге жұмыс істеуге барғысы келетіндерін анықталды.
Зерттеуге сәйкес, әрбір оныншы (9,3%) қазақстандық Астанаға көшіп кетуге дайын. Алматыға қоныс ауыстыруға ниет танытқандар шамамен екі есеге төмен - 5,3%. Аймақтар арасында ең тартымдылардың қатарында Атырау (1,6%), Маңғыстау (1,3%), Ақтөбе (0,7%) және Қарағанды (0,7%) облыстары тұр. Керісінше, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналасуға барар едім дегендердің саны аз (0,2%). Алматы, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары 0,3 пайыздан алып отыр.
«Астана мен Алматы - біздің елдің ең ірі бизнес-орталықтары. Сондықтан дәл осы қалаларға деген сұраныстың жоғары болуы қисынды. Батыс Қазақстан - қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Әсіресе мұнай-газ, құрылыс, теңіз және балық шаруашылығы, туризм саласындағы мамандар үшін тартымды», - дейді «HeadHunter Қазақстан» компаниясының PR және маркетинг бойынша директоры Әсел Баженова.
Жыл басынан 13 тамызға дейін өткізілген зерттеу барысында hh.kz сайтындағы 281 327 резюме сараптамадан өтті.
«ҚазАқпарат»