ҚАЗАҚСТАНДА МАЙДАНҒА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ АЛЬБОМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Қазақстанда «Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақтар. 1941-1945» атты альбом жарыққа шықты, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, альбомды Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері дайындаған. Мерейтой қарсаңында оқырмандарға жол тартқан кітап «ISKER» Консорциумы ЖШС-ның демеушілік қолдауымен басылып шықты.Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы майданындағы қазақтар. 1941-1945» кітабында зұлмат соғыста елімізді, жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған қазақтың ұл-қыздарының өшпес ерліктері туралы деректі мағлұматтар топтастырылған.
Қалың оқырман назарына ұсынылып отырған альбомға ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатта сақталған деректер және мұрағат қорларынан алынған құжаттар еніп отыр. Олардың арасында екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдиновтің, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің, атағы жер жарған жауынгер, панфиловшы Бауыржан Момышұлының, майдангер жазушылар Әзілхан Нұршайықов, Дмитрий Снегин және тағы басқалардың жеке мұрағатынан алынған дәйекті мағлұматтар бар.
Командирлер мен жауынгерлердің суреттері, ұрыс кезіндегі іс-қимыл, майдандағы тұрмысты сипаттайтын суреттердің дені Ұлы Отан соғысының қатысушысы, жауынгер, фотограф Сардарбек Ақпанбетовтің мұрағат қорынан алынды.
Сондай-ақ кітапта соғыс жылдарында жазылған хаттар мен басқа да жазбаша құжаттардың көшірме түріндегі нұсқалары басылған.
Орталық республикалық және майдан басылымдарының материалдары кеңінен пайдаланылды.