ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫСЫ МЕН СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫНДА ӨТКІНШІ ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Қалған аумақта күн ашық болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күн күркірейді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, күндіз найзағай ойнайды деп болжануда. Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күші – 15-20 м/с. Батыс Қазақстан кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.