ӘНШІ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІ ХАЛҚЫ АҚТЫҚ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Бүгін Алматыда халқы әнші Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды. Жамбыл атындағы қазақ ұлттық филармониясында ине шаншар орын болған жоқ. Әншімен қоштасуға алматылықтардың жасы да, кәрісі де келді.
Қаралы жиын барысында сөз алған қала басшысы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқыды.
«Құрметті қаралы жиынға жиналған қауым. Бүгін халқымыздың талантты ұлдарының бірі, эстрада өнерінің жарық жұлдызы Батырхан Қамалұлы Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салуға жиналып тұрмыз. Елбасы марқұмның отбасы мен туыстарына белгілі музыканттың кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтты. «Батырхан Шүкенов жан-жақты дарындылығымен, жоғары орындаушылық шеберлігімен, адамгершілік қасиеттерімен миллиондаған тыңдармандардың сүйіктісіне айналған жан еді. Осындай жанның өмірінің беймезгіл үзілуі баршамызды үлкен өкініш сезіміне бөлейді. Оның орындауындағы шығармалар халқымызбен бірге жасай береді деп сенемін. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болсын», - деді қала әкімі А.Есімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеделхатын оқи отыра.
Өз кезегінде қала басшысы әншінің туған күні 18 мамыр қарсаңында Республика сарайында оны еске алу кешін өткізуді ұсынды.
«Қадірлі қауым, бүгінгі қаза - бәрімізге ортақ қаза. Халқымыздың асыл ұлы Батырхан ортамыздан кетіп бара жатыр. Ол өнер мен бірге өз халқын қатты жақсы көретін. Сол махаббаттың куәсі іспеттес сіздер де қазір оған өз ықыластарыңызды білдіріп жатырсыздар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Өзі әнге қосқан Отан анасы оны ешқашан ұмытпайды», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы.
Қоштасу рәсімінен соң Батырхан Шүкеновтің орындауындағы бірнеше ән қойылып, халқы онымен бірге шырқады.
Жиын барысында көзіне жас алмаған адам болмады. Марқұмның денесі Кеңсай зиратында жерленді.