ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ИНАУГУРАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ
Сәуірдің 26-сына өткен кезектен тыс Президент сайлауында Н.Назарбаевтың сайлаушылардың 97,75% дауысын жинап, жеңіске жеткені халықтың Елбасына деген ықыласының тағы бір көрсеткіші іспетті. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен тұспа-тұс келген 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау салтанатына жер-жерден келген қонақтармен бірге Қызылорда өңірінен барған біздің делегация мүшелері де елге оралған соң алған әсерлерімен бөлісті. «Сыр медиа» ЖШС-нің жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингіне келген «Нұр Отан» партиямының Қызылорда облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Қ.Наурызбаев, облыстық «Вайнах» шешен қоғамдық мәдениет орталығының төрағасы М.Исаев және қалалық маслихат хатшысы И.Құттықожаев Президент инаугурациясынан кейінгі ойларын ортаға салды.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған қызылордалық делегация құрамында бас-аяғы 100-ге жуық халық қалаулылары, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, жастар ұйымдарының белсенді мүшелері, еңбек адамдары мен аудан әкімдері болды.
«Қазақстан Президентін ұлықтау шарасы жоғарғы деңгейде өтті. Жиында Елбасы тың идеяларымен, алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Жақсы әсер алып қайттық. Елбасы өз сөзінде маған сенім артып, қолдау көрсеткен халқыма ерекше ықыласымды жеткізіңіздер деп тапсырды. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, әлемдегі қуатты елдердің қатарына қосу жолында зор еңбек еткен Елбасы жауапкершілігі мол қызметіне қайта кірісті. Ал біз өз кезегімізде көшбасшымыздың маңайына жұмыла отырып, бірлікте жұмыс атқарайық. Елбасы біреу, біз оған тіреу бола білейік», - деді Наурызбай Байқадамов.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА