БҮГІН СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ БҰРШАҚ ЖАУУЫ МҮМКІН – ҚАЗГИДРОМЕТ
18 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік пен батыста күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батыс пен орталық өңірлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.