“ПРОГРЕСС” ЖҮК КЕМЕСІМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ӘРЕКЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ
Ғарышта еркін қалықтап жүрген "Прогресс” жүк кемесімен байланыс орнату әрекеті тоқтатылды деп хабарлайды Астана арнасы.
Мәскеудегі Ұшуды басқару орталығы мамандарының айтуынша, аппарат ғарышта бір аптаға жуық өз бетінше қалықтап, атмосфераға енгеннен кейін түгелдей өртеніп кетуі тиіс.
Ғарыш саласындағы дерекшілердің айтуынша, Ресей тарапы сәтсіз ұшырылымнан келген шығынды 5 миллиард рубльге бағалап отыр. Ұшуды басқару орталығы кеше түнде жүк кемесімен байланыс орнатуға екі әрекет жасады. Дегенмен нәтижесіз.
Мамандардың айтуынша, жүк тасығыш орбитадағы өз белдеуінде жерді айналып жүр. "Прогресс” жерден берілген нұсқауларды да қабылдамауда. Салдарынан кеменің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі мүмкін болмай отыр. Ғарыш кемесі бортында бірнеше тонна жүк бар. Орбиталық станцияға жанармай, оттегі, ғылыми эксперименттерге арналған аппаратура, ғарышкерлердің сәлемдемелері және ішіп-жем жеткізілуі тиіс болатын.
Ұшуды басқару орталығы мамандары бұндай жағдай тарихта бірінші рет болып отырғанын айтады. Жүк кемесі жарты тәулік ішінде жерді бес рет айналып шыққан. Мамандар басқарусыз жүк кемесі жақын уақытта жер орбитасынан шығып кетеді деп болжауда немесе бөлшектеніп, жерге құлауы мүмкін.
Еске салайық, "Союз” тасымалдағышына тиелген "Прогресс” жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуір күні таңертен ұшырылған болатын. Соңғы деректер бойынша, зымыран тасығыш "Прогрессті” өз орбитасынан 30 километр биігірек шығарған. Ұшу траекториясы неліктен өзгеріп кеткені әлі белгісіз.