ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Облыс әкімінің қаулысымен Қызылорда облысында қоғамдық келісім орталығы құрылды. Штаттық бірліктері мен бюджеті айқындалып, орталық бүгінде жұмысын бастап кетті.
Оның этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг, ғылыми сараптама және әдістемелік қамтамасыз ету, ұлттық-мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру, қаржы-шаруашылық бөлімдерінде барлығы 27 штаттық бірлік қарастырлыған. Қазіргі таңда тиісті қызметкерлерді, оның ішінде саясаттанушы, философ, дінтанушы, журналист, экономист, заңгерлерді қабылдау жұмысы жүргізілуде.
Басшысы боп Рахима Ахметова тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы қызметін атқарды.
Басшысы боп Рахима Ахметова тағайындалды. Ол бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы қызметін атқарды.