ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРИБОР ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасында Қызылордада прибор жөндеу орталығын құру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі «Кызылординские вести» газетіне сілтеме жасап хабарлады.
Басқосуға бірқатар кәсіпорын, ұйым, коммуналдық қызмет, колледждерджің өкілдері қатысты. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменовтың айтуынша, аталған орталықты құратын уақыт жетті. Оның мақсаты – бақылау-өлшеу, жылу есептеу құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Орталық бүгінде бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеуден өткізу үшін басқа аймақтарға шығуға мәжбүр кәсіпорын және ұйымдардың қызметкерлеріне өте қажет.
Дөңгелек үстелге қатысушылар студенттердің колледжде алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру үшін дуалды оқу жүйесін құру қажеттілігін де тілге тиек етті. Бұл жастарға оқу бағдарламасын игеріп, пайдалы іске машықтануға мүмкіндік береді.