Н.НАЗАРБАЕВҚА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ КУӘЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында қайта сайланған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтіп, онда Елбасы Қазақстан халқына ант берді.
Ұлықтау рәсімі өтетін салтанатты залға ең алдымен Қазақстан Республикасының Туы, штандарты мен Конституциясы әкелінді. Бұдан кейін Елбасы Ақордадан шыққан сәтінен бастап, Сарайға дейін арнайы салтанатты кортежбен жүріп өтті. Сонымен қатар, Заңға сәйкес, Республика Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға қолын қойып тұрып: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.
Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР Президенті куәлігі табысталды.
Ант қабылдау рәсімінде Президенті куәлігін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов табыс етті.
«Құрметті, Нұрсұлтан Назарбаев! 2015 жылы 26 сәуірде өткен ҚР Президенттігіне сайлау қорытындысы бойынша, мемлекетіміздің заңдарына сәйкес, Сізге Қазақстан Президенті куәлігін тапсыруға рұқсат етіңіз!», - деді Қ.Тұрғанқұлов.