ТАРИХИ ЖЫЛДАРДАН ЕСТЕЛІКТЕР
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы «Ұлан» әскери-патриоттық клубы Ұлы Отан соғысы ардагері Жұбандық Нұралиевтің үйіне барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
Жұбандық Қожабергенұлы 1924 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Сұрапыл соғыстың ауыртпалығы мен қиыншылықтарын басынан өткерген ақсақал Сталинградты қоршаудан босатып, Украина, Белорусь және Польша елдерінде болған шайқаста өзінің ерлігін көрсете білді. Ақсақал майдан даласындағы отты жылдардан естеліктер айтып, жастарды білім алуға, елінің нағыз патриоты болуға шақырды.
- Сендер ең бақытты жастарсыздар, өйткені сендер бейбіт аспан астында өмір сүріп, мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығына бөленіп жүрсіңдер. Бір ғана мақсаттарың бар – ол оқу, оқу және оқу. Өйткені еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында, - дейді Жұбандық ата.
Ғасырға жуық өмір сүріп келе жатқан ардақты ардагеріміз өзін де ең бақытты жан санайды. Жұбандық Қожабергенұлы жеңісті қарсы алып, майданда өзінің болашақ жарын кездестірді. Бүгінде абыз атамыздың 2 ұлы, 3 қызы, 10 немересі бар. Жұбандық атаны Жеңістің 70 жылдық меретойымен құттықтап, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Сырлы сұхбаттан кейін «Ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшелері ардагер атаның үйінің ауласына жеміс-жидек ағаштарын отырғызды. Қыздар хорының орындауында соғыс жылдардағы әуендердің үніне жас жеткіншектер Жұбандық атаның бақшасына жұмыс істеді.
- Әрине, бұл сый-сыяпат, ардагерлерге деген құрметтің тек бір бөлігі ғана. Сұрапыл соғыстан еш қорықпай, бар болғаны 18 жасында майданға аттанған боз бала бізге бейбіт аспан астында өмір сыйлады. Олардың ерліктері мен еңбектерін ешқашан ұмытпау керек, - дейді мектеп белсендісі Нартай Дүйсен.
Негізінде «Ұлан» әскери-патриоттық клубының жұмысы оқушылардың бойында патриоттық сезімді ояту, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрметті қалыптастыру болып табылады. Клуб жетекшісі Досжан Несіпбаевтың айтуынша, мұндай кездесулер оқушыларды өткенді ұмытпай, бүгінгіні қастерлей білуге тәрбиелейді.
Ардагерлермен өткен маңызды кездесулерден бөлек, клуб әскери қызметке бейімдеу бағытында белсенді жұмыс істейді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұландықтар Қызылорда облысындағы шекара қызметінің 20/19 әскери бөлімде болып ашық есік күніне қатысты. Облыс бойынша 300-ге жуық білім алушы, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 47 оқушысы әскери қызметкерлердің ұйымдастырған техника, қару-жарақ пен жабдықталу көріністерін тамашалады. Әсіресе әскери қатарда қызмет атқарып жүрген әскери иттердің шекараны заңсыз кешіп өткен мигранттарды ұстау оқу-жаттығу жұмыстары оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
- Менің ойымша, шекара қызметкерлерінің күнделікті өмірлерін мысал ретінде көрсету арқылы, әрбір баланың жүрегінде туған жеріне деген сүйіспеншілік артып, патриоттық сезімдері оянады. Отан қорғаушылардың өмірі туралы жалпы түсінік алған жастар болашақта әскери борышын өтеуге дайындалуды бүгіннен бастайтын болады, - дейді 20/19 әскери бөлімінің командирі Ренат Шалаханов.
Түрлі көріністер мен концерттік бағдарламаны тамашалаған жастар шекарашыларды күнделікті қамтамасыз ететін азық-түлік өнімдерінен дәм татып, түрлі жағдаяттар орын алған кезіндегі жеке құрамыныңіс-әрекеттерін көрді.
- Маған шекара қызметінің материалдық-техникалық базасы өте қатты ұнады, және де әскери қызметкерлер – өте маңызды, әрі байыпты мамандық екеніне көзіміз жетті, - дейді 11 сынып оқушысы Мақсат Әскербек.
«Ашық есік күні» шарасының соңында 20/19 әскери бөлімінің командирі Ренат Шалаханов жастар арасында әскери қызметті насихаттап, патриоттық тәрбие беруде қосқан ерекше үлестері үшін бір қатар білім беру мекемелерінің қызметкерлерін, оның ішінде мектебіміздің директоры Гүлмира Мүнкеева мен алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы Досжан Несіпбаевқа алғыс хат табыстады.