2016 ЖЫЛДЫҢ КҮЗІНДЕ ЭКСПО-НЫҢ БАРЛЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛАДЫ
2016 жылдың күзінде ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық нысандарының құрылысы аяқталатын болады. Бүгін Ақордада бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі Қазақстан үшін аса маңызды. Біз оны 160 мемлекеттің арасында жеңіп алдық. Бұл шара бүкіл Қазақстанның, соның ішінде Астананың келбетін өзгертетін болады. Жаңа орталық - бұрын-соңды елімізде болмаған орталық пайда болады. Онда жайғасатын диаметрі 100 метрді құрайтын Шардың ішінде зертханалар орналасады. Мұнда мұхиттың толқынынан энергияны қалай алу керек, жел энергетикасын қалай өндіру керек, жерасты ыстық суларын қалай кәдеге жарату керек, сутегі энергиясын қалай алу керек, осының бәрі Шардың 8 қабатында зертханаларда зерттеледі», - деді Н. Назарбаев.
Президенттің сөзіне қарағанда, мұнда тиісті компаниялар келіп жұмыс істейді. Сонымен қатар, Елбасы ЭКСПО нысандарын мұқият қадағалап отырғанын, жұмыстар кестеге сай өтіп жатқанын жеткізді.
«2016 жылдың күзінде ЭКСПО-2017-нің барлық нысандарының құрылысы аяқталатын болады, бұған толық мүмкіндік бар», - деді Н. Назарбаев.