ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ 29 СӘУІРДЕ ӨТЕДІ
Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау 29 сәуірде өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды.
"ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сәуірде кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу туралы қаулы алды, сондай-ақ 2015 жылғы 29 сәуірді ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант беру күні деп белгіледі", деп хабарлады ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.
Комментарии 1