ЖЕҢІС ТУЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНЦИЯСЫНА ЖЕТКІЗІЛМЕК
Халықаралық ғарыш станциясына Жеңіс туының көшірмесін жеткізетін ғарыштық жүк тасығыш «Прогресс-М27М» тіркелген «Союз-2.1а» зымыран тасығышы 28 сәуір күні жергілікті сағат бойынша 13.10-ға Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады, деп хабарлайды РИА Новости Ұшыруды басқару орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл жүк тасығыш кеменің «Союз-2.1а» зымыран тасығышы құрамында екінші сынақ ұшырылымы. «Прогресс М-27М»-ның зымыран тасығыштың үшінші сатысынан Мәскеу уақытымен сағат 10.18-де ажырайды. Ал ғарыштық жүк тасығыштың Халықаралық ғарыш станциясымен кездесуі автоматты режимде Мәскеу уақытымен 16.07-де деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады агенттік өкілі.
Одан бөлек, ғарыш жүк тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына жалпы салмағы 2,5 тонна болатын жанар-жағармай, оттегі, азық-түлік, зерттеу жүргізуге арналған құралдар, ғарышкерлер мен астронавттарға арналған сәлем-сауқаттар секілді түрлі мақсаттағы пайдалы жүк жеткізбек.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА