«СЫРДАРИЯ» ТАҚ КҮНДЕРІ ЖҮРЕДІ
Сәуір айының 26-нан 27 қараған түні, түн ауа Қызылордадан Астанаға қатынайтын №89-90 «Сырдария» Тұлпар-Талго пойызының жаңа рейсі аттанды. Осыдан бастап Қызылорда мен Астана қалаларының арасын жалғайтын «Сырдария» жүрдек пойызы тақ күндері жүргізілетін болады.
Кешкі сағат 22-10 минутта Қызылорда станциясы вокзалына жеткен жүрдек пойызды күтіп алуға Қызылорда жол бөлімшесі директоры Амангелді Арысбаев, Қызылорда станциясының бастығы Ерлан Айдаров, Вокзал-қызмет филиалы басшысы Зейнурин Тоғаев және «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» аймақтық филиалы бастығы Бекмұрат Спанов және аймақтағы теміржол мекемелері қызметкерлері қарсы алды.
Көктен шелектеп төгілген жаңбырға қарамастан перронда жүрдек пойызды күтіп алушылар қарасы қалың. Енді күнара жүретінін сездіргендей тепловоз сиренасы да перронда жаңғырып естіледі. Астанадан жеткен «Сырдария» пойызын қарсы алушылар атынан Жол бөлімшесі директоры құттықтап, жаңа сапарға шыққан құрам мүшелеріне сәттілік тіледі.
-Күнара жүретін «Сырдария» пойызы Қызылордадан түнгі уақытта 00-28-де жөнелтіліп Астанаға дейін 22 сағат жүріп, түнгі 23-50-минутта жетеді. Бұған дейін төрт күнде бір жүргізілген «Сырдария» күнара, тақ күндері, жүргізіледі және де пойыз кестесінде өзгеріс жоқ. Қазіргі уақытта жолаушылардың сұранысына орай компания басшылығы бірнеше жеңілдіктер қарастыруда,-дейді пойыз бастығы Индира Күлмаханова.
Алдағы күндерде Астана қаласына асыққан жолаушы, бұрынғыдай үш күнін жолға жұмсамай, «Сырдария» пойызына отырып бар-жоғы 22 сағат ішінде елордаға жетуге мүмкіндік туылғанына қуанатын болады. Және де осыған дейін төрт күнде бір рет жүрген Тұлпар-тальго енді күнара, тақ күндері жүретін болады.