ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ
Елімізде алдағы Жеңіс күніне орай ұлттық нақыштағы «Георгий лентасының» баламасы пайда болды. Бұл туралы kapital.kz хабарлады.
Жеңіс символының отандық нұсқасы көк түсті жібек матадан дайындалған. Оның ұзындығы – 30, ал ені 3 см. Ұлттық оюмен көмкерілген лентаның екі шетінде Отан соғысының ордені бейнеленген.
Сондай-ақ, оған арнайы белгі бекітілген. Белгіде «Георгий лентасы» бейнеленіп, «9 Мамыр – Жеңіс күні. 1941-1945 жылдар» деген жазу жазылған. Әзірге мұндай ленталардың қанша көлемде дайындалып, нақты қашан таратылатыны белгісіз. Кейбір деректерде 9 мамыр қарсаңында таратылатыны айтылған. Соғыс ардагерлерінің кеуделеріне де осындай ленталар тағылмақ.