94 ЖЫЛ СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ - ҚАЗАҚПАРАТ
94 жыл бұрын елімізде халықаралық деңгейдегі жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі - жаңалықтар агенттігі құрылды. Бүгін біз оқырмандарымызға өзіміз туралы: тарихымыз, жетістіктеріміз, сондай-ақ болашаққа жоспарларымыз туралы әңгімелемекпіз.
Біздің тарих
1920 жылғы 13 тамызда алғашқы қазақ жаңалықтар агенттігі - Ресей телеграф агенттігінің (РОСТА) Орынбор-Торғай бөлімі құрылды, 1925 жылы оның атауы ҚазРОСТ болып өзгерді. 1937 жылы БАҚ Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне берілді. Осы сәттен бастап, 60 жыл бойы агенттік оқырмандарға ҚазТАГ атауымен белгілі. 1997 жылы басылым «ҚазААГ» республикалық ақпарат агенттігі болып өзгерді, ал 2002 жылы оның базасында «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ құрылды.
2008-2013 жылдардағы кезеңде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Арна-Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кірді.
Әр жылдары агенттікке Аркадий Вятич-Кириллов, Қасым Шәріпов, Кәкімжан Қазыбаев, Жұмағали Ысмағұлов, Амангелді Ахметәлімов, Мұрат Әренов, Ғаділбек Шалахметов, Жанай Омаров басшылық етті. 2007 жылдан бері агенттікті Дәурен Дияров басқарып келеді.
2014 жылдың қаңтарында «ҚазАқпарат» елде алғашқы халықаралық ақпарат агенттігі (ХАА) мәртебесіне ие болып, өз тарихының жаңа кезеңін бастады.
ҚазАқпараттың қазіргі келбеті
Бүгінде «ҚазАқпарат» ХАА қазақстандық қоғамның саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және басқа да өзекті салаларының өмірі мен қызметі туралы сенімді және жедел ақпарат көздерінің бірі болып отыр. ҚазАқпарат арқылы Президенті Әкімшілігінің, Парламенттің, Үкіметтің, өңірлік билік органдарының, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдардың қызметі туралы ресми ақпараттар таратылады.
Агенттік материалдары қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде таратылуда. Кирилл қарпін білмейтін шетелдерде тұратын отандастарымыз үшін жаңалықтар қазақ тілінде латын және араб қаріптеріне аударылып беріледі. Порталдың испан тіліндегі нұсқасын іске қосу жоспарлануда.
ҚазАқпараттың отандық ақпарат агенттіктерінің арасында теңдесі жоқ тілшілер желісі бар. елдің барлық өңірлерінде, Байқоңыр қаласында 15 тілшілер қосыны, және Ресейде, Қытайда, БАӘ-де, Бельгияда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда шетелдік өкілдіктері болуы Агенттіктің елде және әлемде болып жатқан оқиғалардың шынайы және тұтастай картинасын on-line режимінде беруіне мүмкіндік жасайды. Бұдан әрі АҚШ, Испания, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль, Бразилия және Үндістан аумақтарында тарамдалған тілшілер желісін ашу жоспарланып отыр.
Біздің шетелдердегі тілшілеріміздің жұмысының арқасында біз көп жағдайда Қазақстанның халықаралық аренадағы табыстары туралы ақпараттардың алғашқы және басты көзі болып отырмыз. Мысалға, ҚазАқпараттың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы үдерістерін, еліміздің ЭКСПО ұйымдастырушы ел ретіндегі кандидатурасына дауыс беру сәтін және басқа да шараларға байланысты жедел хабарларын еске түсіруге болады.
Біздің сайтымызға кірушілер саны айына 5 млн. көрілімге жуықтады. Соңғы үш жылдың ішінде ғана ҚазАқпаратқа 84 қазақстандық саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскерлік және сарапшылық орта өкілдері эксклюзивті сұхбаттар мен түсіндірмелер берді. 64 шетелдік дипломаттар, сарапшылар мен саясаткерлер «ҚазАқпарат қонағы» болды. Олардың арасында Қытай, Вьетнам, Моңғолия, Литва және басқа да ТМД мен Еуропа елдерінің мемлекет басшылары бар.
Қазақстандық жаңалықтар интернет-ресурстарының арасындағы рейтингіде ҚазАқпарат үздік ондыққа, ал Яндекс тәуелсіз статистикасының дәйексөз келтіру индексіне сәйкес 1-ші орын алады. «Openstat» мәліметтеріне қарағанда, ТМД елдері БАҚ-тары арасында 23-ші орын алып отырмыз. www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы әлемнің 223 елін қамтиды. Шанхай қаласында осы жылғы мамыр айында өткен XVI Бүкіләлемдік орыстілді баспасөз конгресінде «ҚазАқпарат» ХАА орыс тілі мен мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін РФ үкіметінің құрмет грамотасына ие болды (шара Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті ауқымында өтті, оған 43 елден 200-ден астам орыс тілді БАҚ өкілдері қатысты).
ҚазАқпарат - Азия және Тынық мұхит елдері ақпараттық агенттіктері ұйымының (ОАНА), ТМД қатысушы-мемлекеттері ұлттық ақпарат агенттіктері қауымдастығының (АНИА), Түркітілдес елдер ақпараттық агенттіктері ұйымының (ТКА), ТҮРКІСОЙ халықаралық мәдениет пен өнерді бірлесе дамыту ұйымының, Бүкіләлемдік орыс баспасөзі қауымдастығының (ВАРП) мүшесі. Біздің әріптестеріміз - ИТАР-ТАСС (Ресей), КАБАР (Қырғызстан), БелТА (Беларусь), УкрИнформ (Украина), MOLDPRES (Молдова), Armenpress (Армения), АzәrTAc (Әзербайжан), Yonhap (Оңтүстік Корея), EFE (Испания), БТА (Болгария), Синьхуа, Жэньминьван, Вэнвэйпо (Қытай) медиа-агенттіктері және басқалары. Сонымен қатар BBC News, CNN, Euronews, France Press, News Corporation, Bloomberg және басқа да әлемдік ақпараттық агенттіктермен әріптестік қатынастар орнату жоспарланып отыр.
ҚазАқпарат Facebook, «Мой мир», «ВКонтакте», Twitter, «Одноклассники», Google+, SenKazakh, Instagram, Linkedin, Imgur сияқты әлеуметтік желілерде кеңінен танымал. Арналар мен агенттіктің әлеуметтік желілердегі жазылушыларының жалпы саны 70 мыңнан астам Интернет пайдаланушыларын құрайды. «ҚазАқпарат» ХАА өз қызметінің басты принциптері ретінде сапалы және анық контентті, сондай-ақ олардың сайттың барлық тілдік нұсқаларында дер кезінде орналастырылуын қарастырады. Осы жылғы ақпан айынан бастап жаңалықтар, түсіндірмелер, сұхбаттар, талдау мақалалары тәулігіне 24 сағат бойы жарияланады. Агенттіктің өз қызметінің бүкіл жылдары ішіндегі бірегей фотоматериалдарының қоры 1 млн. данадан асады (фото қорының едәуір бөлігі 1990 жылдардың соңында республиканың мемлекеттік мұрағаттарына тапсырылды). Соңғы үш жылдың ішінде ғана портал 218 мыңнан астам фотосуреттерді және жүзге тарта бейнематериалдарды жариялады.
ҚазАқпарат жұмысының жоғары нәтижелілігі, журналистика саласындағы таңдаулы дәстүрлердің сақталуы, сапалы контент құруға инновациялық тұрғыдан келудің, жетілдірілген технологиялық базаның және кәсіби команданың ұйымшыл жұмысының арқасында қамтамасыз етілуде.
Тұтастай алғанда, «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы отандық журналистиканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып, болашаққа сеніммен қарайды және ел өмірін, аймақтардағы және әлемдегі оқиғаларды дер кезінде шынайы жариялауға барлық күш-жігерін жұмсауда. Сөйтіп, біз өз кәсібімізге, халқымыз бен елімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсетудеміз, осылайша біз жақсыға, ілгеріге ұмтылудамыз!
Біз өз оқырмандарымызға ілтипатпен қараймыз және олардың пікірлерін құрметтейміз. Бірінші болу қоғамға беретін игілігің үшін зор жауапкершілік жүктейді. «Рахмет!», дейміз біз өзіміздің оқырмандарымызға. Дәстүрлерімізді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік ақпарат көгінде Қазақстан бренді болып қаламыз деп сенеміз.
Сүйіспеншілікпен, ҚазАқпарат ұжымы!