«ЖӘРДЕМ» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ БЕЛКӨЛГЕ КЕЛДІ
"Қазақстан Темір Жолы" АҚ–мен Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК "Жәрдем пойызы" әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық пойыз Қызылорда облысына келді. 23 сәуірден 14 мамырға дейін "Жәрдем пойызы" Қызылорда облысының елді мекендерінде болады. Белкөл кенті, Қараөзек ауылдық округі, Жосалы стансасының және басқа да шалғай жатқан елді мекендері тұрғындарының облыстық диагностикалық орталық деңгейіндегі жоғары білікті мамандар мен дәрігерлерден тегін медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі бар. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобынан хабарлады.
Медициналық пойыздың негізгі міндеті - кешенді диагностикалық көмек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, лабораториялық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, қарау, міндетті медициналық тексеруден өткізу, медициналық талдау және анықталған медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, науқастарға жоспарлы емделуге, ауруханаға жатқызуға жолдама беру.
Аталмыш медициналық пойыз күніне 400-ге дейін емделушелірді қабылдай алады. Пойыз 8 вагоннан тұрады, оның 4-еуі емдік-диагностикалық, 1–еуі мейрамхана-вагоны, онда конференц-залы бар, 1–еуі «дизель-генератор» вагоны, 2-еуі медициналық қызметкерлердің жатақханасына арналған қызметтік купе вагондары. Осы пойызда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған 17 медициналық кабинет қызмет көрсетеді.
Медициналық пойыз бригадасы құрамында терапевт, бала дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, құлақ-тамақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері бар. Олардың бәрі де жоғары білікті дәрігерлер.
«АМТГ» АҚ Қызылорда филиалы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Марат Ршымбетов өз сөзінде пойызда флюорографиялық аппарат, рентген қою құрылғысы, УЗИ-аппараты, урологиялық кабинеттің бар екендігін айтты. Барлығы 27 маман жұмыс істеп жатыр. Оның 15-і дәрігер, 10-ы медбике, 2-еуі тазалықшы.
Тек қана Белкөл кентіндегі 2 күннің өзінде 300-дей адам дәрігерлік тексеруден өткен. 200-ден астам адамға медициналық және лабораториялық талдаулар жасалған. Көбіне елді мекен тұрғындары тіс ауры, жүйке жүйесі, қан айналымы, қалқанша безінің ауруларына шағымданған.