ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ЗОР СЕНІММЕН ҚАРАЙТЫНЫН КӨРСЕТТІ
Қызылорда облысында кезектен тыс Президент сайлауында халық өте жоғары белсенділік танытты. Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның бақылаушылары атап өткендей, бұл өңір тұрғындарының ел болашағына зор сеніммен қарайтынын көрсетеді, деп хабарлайды BNews.kz .
«Халықтың белсенділік танытуы біздің халқымыздың патриот екенін, ел болашағына бей-жай қарамайтынын дәлелдеді, – дейді СБРҚК Қызылорда облысындағы филиалының бақылаушысы Гүлдана Керім. – Адамдар сайлау учаскелеріне отбасымен бірге келіп, салтанатты жағдайда дауыс берді, балаларына сайлау қалай өтетінін көрсетіп, оның маңыздылығын түсіндіріп жатты».
Айта кетейік, некесін қидыра сала сайлау учаскелеріне келген жастарды өңір тұрғындары зор қошеметпен қарсы алды. Мұндай бірнеше жұп болды.
«Қарттарымыз да отбасылық тәрбиенің тамаша үлгісін көрсетті. 90-дағы қариялар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп, халықпен бірге болды, жастармен әңгіме-дүкен құрды», - деп толықтырды Гүлдана Керім.