КӨРІСКЕНШЕ, КҮН ШҰҒЫЛАЛЫ ҚАМБАШ!
Мектеп оқушыларының жазғы каникулдары мәресіне жетіп қалды, онымен бірге маусымдағы «Шаттық керуені» деп аталатын балалардың дәстүрлі қайырымдылық шарасы да аяқталуға жақын. Шараны осымен төртінші жыл қатарынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы мен облыстық «Қызылорда» балалар қайырымдылық қоры бірлесіп өткізуде.
Аймақта алғашқы болып 2014-жазғы маусымды Арал ауданының еш теңдесі жоқ Қамыстыбас су айдынының жағалауында жайғасқан «Арал ұландары» лагері жапқан болатын. Қамбаш көлі суының емдік шипалы қасиеттері Қазақстанның қиырынан тыс жерлерге де кеңінен мәлім. Таяу болашақта Қамбаштың жағалары жасыл жазираға бөленіп ірі сипатты әрі тартымды туристік өңірге айналғалы отыр. Сондай-ақ лагерьмен көршілес «СаутсОйл» компаниясы пансионатының құрылысы да қызу жүріп жатыр.
- 2014 жылдың маусымы үшін лагерьді ұстап-күтуге аудандық бюджеттен 12 миллион 395 мың теңге бөлініпті. Биылғы жаздағы 4 демалыс кезеңінде 600 бала, олардың арасында бес жүзі – жаппай оқу бағдарламасы бойынша, қалғандары – Арал ауданы кәсіподақ ұйымдарының жолдамалары бойынша тынығып қайтты,- деп әңгімелейді лагерь директоры Дүйсенбек Жұлдызбаев. – Биылғы жылдың ерекшелігі деп лагерьде стоматологиялық және терапевтік пункттердің ашылуын атап айтар едік. Балалардың денсаулығы – айрықша назарда. «Тіс емдеу» кабинеті су жаңа қазіргі заманғы технологиямен жабдықталған, барлық жеткіншектер тексеруден өткен, кім медициналық жәрдемге мұқтаж болса – оған көмек жасалуда. Сол сияқты биыл өз шешімін тапқан нәрсе – ол сумен қамтамасыз ету жағдайы еді. Ішетін ауыз су, бұрынғыдай сағаттық қағида бойынша емес, енді тәулік бойы үзбей келіп тұрады. Біздің су алатын бұлақ тармағымыз облыстың Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылған.
- Тағы да бір жаңалық бар, Қамбаштың жағалауында жергілікті билік орындары жаңадан балалар лагерінің құрылысын салуды жоспарлап отыр, деп ой бөліседі әңгімесін одан әрі сабақтай түскен Д. Жұлдызбаев. – Белгілі болғанындай, «Арал ұландары» 1989 жылы «асар» әдісімен бой көтеріпті. Сол себепті қазіргі заманғы жағдайларға сай салынған жаңа лагерь аудан балақайлары үшін жанға жағымды тосын сый саналған болар еді.
«ПҚҚР» АҚ-нан келген сый-тартуы мол меймандардың сапарына орай балалар өздерінің мәдени-спорттық іс-шарасын ұсынды. Төрт команда кешенді эстафеталарда өзара сайысқа түсті, ал үзілісте балғын таланттар эстрадалық әндер шырқап, би нөмірлерін орындады. Жарыс қорытындылары бойынша басты марапаттардың – скейтбордтардың жүлдегерлері болып «Жігер» командасының мүшелері атанды. Дегенмен, ешкім де сыйлықтан құр алақан қалған жоқ – мұнайшылар барлық қатысушыларға жүлделер, жекелей алғанда скейтбордтар, MP3 плеерлі FM радиосы бар машинка түріндегі портативті колонкалар мен үстел сағаттарын табыс етті. Марапаттау салтанатында оларды тапсырған «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хұсайын Сәрсембаев айшықты өнер көрсеткені үшін оқушыларға алғыс айтып, оларға оқу жылында былайша табыс тіледі:
- Көңілге қаншалықты мұң ұялатқанымен де – мектеп каникулдарының зымырап тез өте шыққандығын байқаған шығарсыңдар. Сендерге енді мектепке баруға дайындық жасау керек. Мен сендер ұмытылмастай демалысты Қамбашта өткізіп, көл-көсір ғажайып әсерге бөленді деп үміттенемін. Сау-саламатты және ақылды азамат болып өсіңдер, үлкендерді тыңдаңдар, жақсы және үздік деген бағаға оқыңдар!
Өтіп бара жатқан жаз маусымында мұнайшылар бес тынығу кезеңі бойына сыйлықтарын табыс етіп облыстың сегіз лагерін аралап шықты. Балалар мен олардың ата-аналарының көптеген ой-пікірлеріне қарағанда «Шаттық керуені» шарасы тек оларға ғана емес, сонымен қатар оқытушыларға, оқушылардың жетекшілеріне және лагерь басшыларына да ұнап қалыпты. Ал бұл дегеніңіз, компания іс-шарадағы өзінің басты мақсатын орындап, қызылордалық балғындарға қуаныштың жағымды сәттерін сыйлай алды деген мағынаны білдірмек.
Өз кезегінде тынығушылар аяқталып қалған каникул қызықтары жайлы жапа-тармағай бір-бірімен жарыса айтып, өздерінің қамқоршыларына ризашылықтарын жеткізді.
- «Арал ұландары» лагерінде демалып қайту менің арманым еді, — дейді Аманөткел ауылының №73 мектебінің 4-сынып оқушысы Бағлан Бақытов. – Лагерь маған қатты ұнады, ал каникул уақыты тез әрі байқаусыз өте шықты.
- Мен эстафетада скейтборд ұттым - «ПетроҚазақстанға» рахмет, — деп қуануда Қызылжар ауылының №81 мектебінің 8-сынып шәкірті Вера Невзорова. – Барша жұртқа біздің лагерьдің үздік лагерь екендігін, мұнда бәрі бар екендігін жеткізсеңіздер екен, іш пысуға уақыт та жоқ, күн сайын концерттер, дискотекалар, жарыстар болып тұрды және, әрине, жағажай қызығы ол өз алдына бөлек әңгіме. Мен бұл жер көптеген жаңа дос таптым.
- Менде де достар көбейе түсті, дейді оған қосыла үн қатқан Шөмішкөл ауылындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Шұғыла Жүсіпқызы. —Қамбашта бәрі тамаша!
- Демалыстан алған әсерлерім керемет, - деп өз ойымен бөліскен еді Сапақ ауылынан келген №69 мектептің 5-сынып шәкірті Құрманай Бекмұратов. Лагерьде біздер түрлі ойындар ойнадық, суға шомылып, күнге күйдік, би билеп, ән айттық. Мұнайшыларға тамаша сыйлықтары үшін рахмет! Үйге қуана айтып барамыз осының бәрін.
— «Арал ұландары» лагерінде аудандағы мектептер ұстаздарының ішінен он педагог оқушылардың жетекшілері болып жұмыс істеуде, - деген еді бізбен әңгімесінде Ақбай ауылынан келген №63 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Руслан Нұрымов. – Жұмыс істеу оңайырақ – өйткені, балалардың бойындағы көңілді әрі сергек көңіл күйі құлшыныс сезіміне бөлейді. Оқушылардың жетекшілері атынан «ПетроҚазақстан» компаниясы мен облыстық «Қызылорда» балалар қайырымдылық қорына рахмет дегіміз келеді. Балалар мұндай сыйлықтарды ұмытпайды, олардың зердесінде ең ізгі естеліктер мен жағымды әсерлер ұялап қалады.
- Келесі жылы балаларды «Арал ұландары» лагеріне жіберіңіздер, олар риза болады, - деп жатыр оқушылардың жетекшісі Динара Қуанышқызы. – Ал әрбір тынығу кезеңінде арнайы келіп балаларға сыйлықтар тапсыратын «ПетроҚазақстан» компаниясына – айрықша алғыс. Мұнайшылардың облыстың өркендеп-дамуына зор үлес қосып жатқандығын барша жұрт біледі. Балаларға үлкен көмек-қолдау көрсетіп келе жатқан игі істері үшін олардың атына рахмет айтқан абзал.
Әлібек БАЙШҮЛЕНОВ.
Фото Андрей ТАЙГУНОВТІКІ.