БҰРЫН-СОҢДЫ САЙЛАУДА МҰНДАЙ ТАМАША КӨҢІЛ-КҮЙ СЕЗІНГЕН ЕМЕСПІН
Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудың халықаралық байқаушысы, Азия және Жерорта теңізі институтының парламентаралық әріптестік бойынша президенті Риккардо Мильори Қазақстандағы электоралды науқан барысында ешқандай заңбұзушылықтар мен ескертпелер орын алған жоқ, деп отыр.
«Мен ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болғанмын. Сіздер білесіздер, ЕҚЫҰ сайлау процесін бақылауда ең маңызды орган болып табылады. Бұл Еуропа елдерінде де ғана емес, сонымен қатар Тунистегі конституциялық сайлауға қатыстық. Сайлау үдерісіне қатысты біздің тәжірибеміз мол», - деп атап өтті ол Астанадағы брифингте.
Оның айтуынша, сайлаушылардың келуіне қатысты оң нәтиже бар.
«Біз кейбір сайлау учаскелерінде болдық және өте керемет көңіл-күйді сезіндік, адамдар Қазақстанның кемел болашағына сенетінін байқадық. Біз сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген сайлау учаскесінде болдық. Ол жерде де біз өте жағымды атмосфераға бөлендік», - деді ол.
«Біз сіздердің елге маңызды күннің куәсі болдық. Біздің рөліміз - байқаушы рөлі. Мен бұның алдында талай сайлауға қатыстым және мен бұрын-соңды сайлауда осындай керемет атмосфераны және бақытты әсерді байқаған емеспін. Бұл сіздердің мемлекеттеріңіздің маңызды бөлшегі», - деп түйді сөзін Риккардо Мильори.