ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА АЛҒАШ РЕТ РЕКОРДТЫ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРДІ
Республика бойынша сайлаушылардың 95,11 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) сілтеме жасап, 24.kz хабарлады. ОСК баспасөз қызметі хабарлайды: 2015 жылғы 26 сәуірде болған Президент сайлауына дауыс берушілердің келу қорытындылары туралы ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос пен ОСК-ның мүшесі Ләззат Сүлейменнің қатысуымен сағат 22:00-де арнайы брифинг өтті. «Барлығыңыз азаматтардың теңдессіз белсенділігінің куәсі болдыңыздар. Жалпы, барлық өңірлерде адамдар сайлау учаскелеріне дауыс беру басталмай жатып келіп, жабылғанға дейін келулерін тоқтатқан жоқ. Мұның даусыз факт екеніне сайлау учаскелерінде болған қазақстандық және халықаралық байқаушылардың көзі жетіп, атап өтті», – деді Владимир Фоос «Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жанында құрылған учаскелер бойынша деректерді қоспағанда, сайлаушылардың келуі туралы жедел мәліметтерді ұсынуға дайынбыз. Олардан мәліметтер кешірек келіп түседі», – деді ОСК төрағасының орынбасары.
Биылғы Президент сайлауы тарихқа енеді. Бұл туралы саясаттанушы Данияр Әшімбаев мәлім етті.
«Биылғы Президент сайлауы сайлаушылар санының бұрын-соңды болмаған көрсеткішімен тарихта қалары анық. Отандық және шетелдік бақылаушылар дауыс беру кезінде қазақстандықтардың белсенділігіне үлкен назар аударды», - деді Данияр Әшімбаев.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті сайлауында Қазақстан халқының 95,11 пайызы дауыс берді.