ЕXIT-POLL МӘЛІМЕТТЕРІ БОЙЫНША Н.НАЗАРБАЕВҚА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 97,5 ПАЙЫЗЫ ДАУЫС БЕРДІ
Демократия институтының директоры Юлия Кучинская ОКҚ өткен брифингте сайлаушылардың 97,5 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елімізде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында Демократия институты барлық өңірлерде жалпыұлттық exit-poll жүргізді», - деп атап өтті Юлия Кучинская.
Оның айтуынша, exit-poll қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев 97,5%; Әбілғазы Құсайынов 0,63%; Тұрғын Сыздықов 1,87% дауыс жинаған.
Қазіргі президенттік сайлауда халықаралық және қазақстандық сарапшылардың мәліметтері бойынша тарихта тұңғыш рет сайлаушылардың теңдессіз, рекордты қатысуы атап өтілген. Мұндай сайлау өткізу және осындай тарихи жоғары көрсеткіште қатысуды байқаушылар өзге елдерден ешқашан да көрмеген. Бүгінде қазақстандықтардың Президент сайлауына қатысу деңгейін сенсация деп бағалауға болады - еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін барлығы отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертеңнен сайлау учаскелеріне ағылды. Сайлау учаскесі ашылмай тұрып кезекке тұрған сайлаушылар ағыны жабылғанға дейін толастаған жоқ. Бүгін қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған белсенділік көрсетіп, сайлаушылар саны бойынша сенсациялық жоғары көрсеткішке жетті. Жәрмеңкелер мен концерттер ұйымдастырылып, сайлау жалпы халықтық мерекелік көңіл-күйде өтті. Сайлау науқанын 10000-нан астам отандық, 1000-нан астам шетелдік байқаушылар мен ұйымдар бақылады. Олардың бәрі сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтуде, олардың бағалауы бойынша, бұл транспарентті, ашық және әділ сайлаудың жарқын көрінісі іспеттес. Шетелдік байқаушылар сайлау күні азаматтардың, соның ішінде жастардың белсенді дауыс беруін, Қазақстандағы сайлаудың демократиялық түрде, халықаралық стандарттарға сай болғанын атап өтті.
Ең алдымен бұл - қазақстандықтардың патриоттығын, азаматтардың саяси сауаттылығы мен олардың электоралды мәдениетін, сондай-ақ елдің бірлігін, азаматтық белсенді позициясын білдіреді. Сайлауға ақпарттық қолдау да жоғары деңгейде болды. Қазақстанның барлық БАҚ-тарында, оның ішінде Интернет, әлеуметтік желілерде сайлау тақырыбы таңның атысынан кеш қарайып батқанға дейін басты тақырыпқа айналды. Қазақстандағы Президент сайлауы туралы 37 мемлекеттен келген 200-ден аса журналист ақпарат таратты.